8:00 - 9:00
Жұмыс күндері
«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Аппарат») Зайсан ауданы әкімінің қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Аппараттың ведомстволары жоқ.Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
1860 жылдарда Зайсан қаласының іргесі қаланды. Әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған. Ол кезде ауданға 70-тен астам елді пункттер қарады. 1939 жылдан бастап, Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысына қарады. Зайсан ауданынан бұдан кейін, Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Ақсуат және Көкпекті аудандары бөлініп шығып, жеке аудандар болып бекітілді.
Семей губерниясына қарасты Зайсан уезінің орталығы болған Зайсан қаласында 2 шіркеу, 2 мешіт болған. Уезде ол кездегі 6 аудан біріктіріліп, барлығы 17 болысқа жіктеліп басқарылған. Уезде 12 мектеп ашылып, онда 350 балаға 17 мұғалім сабақ берді. 1896 жылы қалада 7 орындық аурухана ашылды. Онда екі дәрігер болды.А.С.Хохлов, Титов, Собачкин сияқты кәсіпкерлер шахта ашып, Кендірлік көмір өндіруді жолға қойды. 1880-1890 жылдары қаланың ірі мәдени орталыққа айналуы, оның сәулет өнерінен де көрінді. Баязит Сатпаевтің архитектура үлгісі мен күйген кірпіштен салынған бай-купецтердің дүкені мен үйлері қатар түзейді.
Зайсан уезі:Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл, Көкпекті, Қызылтас /Ақсуат/ аудандарына жіктелді. Зайсан ауданы ВЦИК-тің указымен 1928 жылы қыркүйектің 3-ші жұлдызында құрылды. Ауданның қазіргі территориясында шамамен бұрынғы уездің үш болысы Маңырақ, Қара-Ертіс, Кендірлік жатады. Зайсан ауданы 1939 жылға дейін Семейге осы жылдан бастап, жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан облысына қарады.
Ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай – ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады.
Жалпы, аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза болды, 238 госпитальда жарадан өлді, 1339-ы хабар – ошарсыз кетті., 175 адам әр түрлі аурудан қайтыс болды, 3 адам неміс тұтқынында каза болған. Басқалары жараланып, мүгедектікке душар болып, аман – есен туған елге оралды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1992 жылыдың мамыр айынан бастап, Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекеті құрылды. Ал, 1992 жылдың 22 желтоқсанынан бастап, Майқапшағай кедені болып бекітілді. Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуір айынан бастап, «Майқапшағай-Жеменей» шекара сауда орталығы ашылған. 2003 жылы Зайсан өңірінің Шілікті ауылында Қазақстан археологтарының қазба жұмыстарының негізінде, «Шілікті қорғаны» табылды. Онда ежелгі Сақ тайпасының «Алтын адамы» жауынгері табылды.